Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Блалардың сауат ашу курсы қорытындыланды (ФОТО)

30.06.2015 3215 0 пікір

Павлодар облысына қарасты   барлық мешіттер   мектеп жасындағы балалардың  жазғы демалыс мерзіміндегі  уақытын тиімді пайдалану, оларды діни сауаттылыққа бағыттап, имандылықтың іргетасын қалыптастырып,  тәрбиелеу  мақсатында маусым айының басында ашылған діни сауат ашу бір айлық  курсының жұмысын қорытындылады. Осы ай бойғы сабақ барысында балдырғандар Құран әліппесі, Құран оқу мен дұғаларды үйрену, ғибратты әңгімелер мен Ислам әдебі және  мұсылман адамның көркем мінезі бойынша  тәлімі мол дәрістер  тыңдап, діни білім мен мағлұматтарын шыңдаған еді. Сабақты ұл балаларға «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің озат шәкірті Азамат Дәулетов үйретсе, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің  ұстаздары Қарлығаш Қажымәлікқызы, Ақерке Тұрғанбай, Жұлдыз Кажуевалар қыз балаларға дәріс берді.

Жазғы сауат ашу курсының қорытынды жиынына орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің найб имамы Хасан Аманқұлов пен мешіттің Жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі А.Оралханов қатысып,  балаларға тәлімге тола ақыл-кеңестерін айта келе, белсенділік  көрсеткен балдырғандарға  өкіл имам тарапынан берілген  марапаттарды табыстады.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің  діни сауат ашу курсында осы жазда барлығы  32 ұл, 31қыз бала тұрақты білім алып, имандылық сауатын жетілдірді. Олардың арасынан Құран оқып үйренген 4 ұл, 8 қыз шәкіртке арнайы сертификат табысталды. Биылғы жазғы сауат ашу курсы шәкірттерінің алды 40 сүреге дейін жаттады»,-дейді ұстаздар.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру