Алматы қаласы Алмалы ауданы «Төле би» мешітінде биыл алғашқы болып хатым Құран жасалды.
Құран хатымға Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет, Иман журналының Бас редакторы Оңғар қажы Өмірбек, ҚМДБ-ның заңгері Сағитжан Даулетияр, «Қалқаман-2» мешітінің Бас имамы Саттарқұл қажы, Халал стандартау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев және «Мұзарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев қатысты.
Құрметті қонақтар мешіт дастарханынан ауыз ашып, жамағатпен жүздесіп, намаз оқыды.
Ең алдымен сөз алған «Төле би» мешітінің Бас имамы Кенжеәлі қажы Мырзабай барша жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, қалада алқашқы болып жасалған Құран хатымда тіленген тілектердің қабыл болуын Алладан сұрады. Бас имам өз сөзінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жолдап, құрметті қонақтармен жамағатты таныстырды. Жамағат қауымына Рамазанның құрметіне 300 дана тақия таратылды.
Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет те жиналған жамағатты ұлық аймен құттықтап, Рамазанның қадір қасиетіне тоқталып, қаламызда биыл алғашқы болып хатым Құран «Төле би» мешітінде өткелі жатқанын атап өтті.
Құран хатым дұғасынан соң Бас имам К.Мырзабай құрметті қонақтарды дастарханға шақырды.
«Төле би» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2015
3864
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру