
Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференцияда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Бізге зорлық-зомбылық экстремизммен күресуге дайын конструктивті күштермен өзара тиімді диалог орнату қажет. Ол үшін ведомстволардың арнайы қызметтерінің байланыстарын нығайту мен ынтымақтастығын дамытуды бұдан әрі қарай жалғастыру бойынша шараларды тоқтатпауымыз қажет», - деді К.Мәсімов.
Қазақстан аталған қатерлерге қарсы барлық іс -қимылдарды жүзеге асырып жатқандығына тоқталған Премьер-Министр: «Бүгінде зорлық-зомбылық лаңкестікпен және экстремизммен күрес бойынша барлығын тегіс қамтитын халықаралық конвенция қабылданбаған. Бұл өз кезегінде біз үшін маңызды құжат болар еді. Қазіргі кезде қолданыстағы халықаралық келісім аталған қатерлердің тек жекелеген құбылыстарымен күресуге бағытталған. Сондықтан да осы бағыттағы жұмыстар ауқымды болуы тиіс. Осы зұлымдықпен күреске негізделген қажетті шараларды қабылдауға әзірміз және ынтымақтастық үшін әрдайым ашықпыз», - деді.
Айта кетейік, конференция жұмысына әлемнің 24 елінен келген делегациялар, яғни ЕО мен Ресейдің және АҚШ-тың өкілетті органдарының өкілдері, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамның, лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес саласындағы жетекші сарапшылар қатысуда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.06.2015
3131
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру