ДАИШ белгілі бір аумақта бекінгенін, олардың қатарлары артып келе жатқанын насихаттағысы келеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мәлім етті.«Көбінесе сарапшылар, БАҚ өкілдері, мемлекеттік билік органдарының өкілдері лаңкестік мәселесіне қатысты пікір білдірген кезде ең көп аталып жүрген ұйымдардың бірі ДАИШ-ті ақпараттық кеңістікте «Ислам мемлекеті» деп жиі атай салады. Бұл өте қате тұжырым. Осы топ өзін бұлай атады екен деп біз оларды солай атауға міндетті емеспіз. Қылмыскерлер осы атауды қолдану арқылы белгілі бір стратегиялық мақсаттарды көздейді. Яғни, белгілі бір аумақта бекінгенін, олардың қатарлары артып келе жатқанын көрсеткісі келеді. Сөйтіп, кейіннен оларды мойындауға тиісті алғышарттар дайындап жатқандай болады», - деді Е. Қарин Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференция барысында тілшілерге берген сұхбатында.
Бұл тұрғыда ол бұл топты қалай болса да «Ислам мемлекеті» деп атаудан сақтануымыз керек екенін қадап айтты.
«Ең бастысы «Ислам мемлекеті» деген атау кеңінен қолданылғаннан, осы топтың тарапынан жасалатын іс-қимылдардың барлығы діни сипатқа ие болады. Яғни, барлығы оны Ислам дінімен байланыстыратын болады. Сондықтан оны дінмен мүлдем байланыстырмау қажет», - деді институт директоры.
Осы орайда Е. Қарин ДАИШ өкілдерінің өз мақсаттарына жұмыс істеп жатқан қылмыскерлер екенін атап өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.06.2015
3897
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру