Рамазан айының әр кешінде ораза ұстаған жамағат үшін «Иманғали» орталық мешіті ауызашар сауапты ісін жалғастырып келеді. Өткен апта аяғында орталық мешіттің жанашыры әрі жамағаты болып табылатын ақ жаулықты аналар қауымы аузы берік жандарға ауызашар берді. Аналардың шынайы ниетімен жайылған дастарханынан ақсақалдар, орта буын ағалар және имандылықты серік еткен жастар дәм татты.
Игі іске үн қосып, сауапты істе жарысқан аналар қауымына ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров алғысын білдіріп, Рамазан айының берекесі мен қадір-қасиеті жайында тұщымды уағызбен берекелі дастарханда бас қосқан жамағатты сусындатты.
Ал, ақсақалды аталар жағы жастарға есті де ұлағатты сөздерін айтып, имандылық аясында ұйысуға әрі имамның қасынан табылуға шақырды. Сондай-ақ, кезек-кезек сөз тізгіндеген ақжаулықты аналарымыз биылғы рамазан дастарханының жылдағыдан өзгеше екенін атап, өңір имамы Батыржан Берденұлының тынымсыз еңбегіне дән ризашылықтарын білдірді.Ауызашар соңында елдің амандығы мен халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасалды.
Иә, биылғы «Иманғали» орталық мешітінде жайылған рамазан дастарханы шынында жылдағыдан мүлдем өзгерек. Мешіт ауласына құрылған алты қанатты үш киіз үй 400-ден астам жамағатқа ауызашар қызметін көрсетуде. Аталған үш киіз үйдің өз атаулары да бар. Қазақы нақышпен әсемделген киіз үйдің біріншісі қарттар мен қадірлі қонақтарға, екіншісі әйелдер жамағатына, ал үшінші киіз үй жастар жамағатына қызмет көрсетіп келеді.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.06.2015
3092
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру