Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті Рамазан айына арнап жариялаған Үндеуінде барша халықты қайырымдылық істерін жиі ұйымдастырып, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға шақырған еді.
Қайырлы айдағы ізгі істер қатары «Нұр Астана» орталық мешітінде жылдағы дәстүрмен жалғасып, бүгін қаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қамқорлық көрсетті. Оразада бастау алған игілікті шарада азық-түліктер, киім-кешектер мен асыл дін жайлы құнды кітаптар таратылды.
Ал отыз күн оразада халыққа арналған ауызашар дастарханы «Нұр Астана» мешітінде күн сайын жайылуда. Бұған қоса, күні кеше Есіл ауданы ардагерлеріне арнайы дастархан әзірленіп, көргені мен түйгені мол қарияларымызбен өнегелі отырыс өтті.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.06.2015
3181
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру