Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халифа Алтай есімі Шығыс Қазақстан облыстық мешітіне берілді

28.06.2015 5559 0 пікір

Қасиетті Рамазан айында Шы­ғыс Қазақстан облыстық меші­тіне белгілі қоғам және дін қай­ратке­рі, түркітанушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Халифа Алтайдың есімі берілді.

Осыдан үш жыл бұрын ашылып, аз уақытта өңірдің бірегей рухани һәм келісім орталығына айналған Шығыс Қазақстан облыстық меші­тінің бас имамы Нұрлан қажы Асановтың айтуынша, таяуда өңір ардагерлері мен жұртшылығының ұсынысы­мен мешітке Халифа Алтайдың есімін беру жөніндегі мәселе көтерілген болатын.

Бас­тама Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқасында талқыланып, бірауыздан қолдау тапты.

Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру