Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти қарттар үйінде ауызашар өткізді (ФОТО)

26.06.2015 3329 0 пікір

Кеше ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Елордамыздағы қарттар үйінде ауызашар өткізді. Жыл сайын қасиетті рамазан айында қамкөңіл қарттарымыздың қал-жағдайын сұрап, ауызашар дастархан ұйымдастыру «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен жолға қойылған болатын. Сол үрдіс бойынша, биылғы жылы да 200-ге жуық қарияға дастархан жайылып, ауызашар берілді.

Қасиетті Құран Кәрім оқылып, ауызашар дастарханы қарттарымыз үшін дұға жасаумен басталды. Тағдырдың түрлі жолымен осы жерге келіп бас қосқан аталарымыз бен апаларымыз да өз кезегінде Серікбай Сатыбалдыұлына алғыстарын білдіріп жатты. Қашанда қайырымдылық шараларының ұйытқысы болған «Әзірет Сұлтан» мешітінің мереке сайын қарияларға құрмет танытып, қарттар үйіне үнемі көмек көрсетіп жүретінін атап өткен аталмыш мекеме басшы да өз лебізін білдірді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру