Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Төле би» мешітіндегі келелі кездесу, ғибратты кеш

26.06.2015 3345 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен қасиетті Рамазанда республика мешіттерінде діни кештер мен ауызашарлар ұйымдастырылып келеді.

Алматыдағы «Төле би» мешітінде келелі кездесу, ғибратты кеш өтті. Мешіт жамағаттары «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті универстетінің ректоры, доктор, профессор Жуда Абдулгани Басюнимен кездесті. Құрметті қонақ жамағатқа оразаның маңызы туралы уағыз айтты. Ол Қазақстанда мешітте алғаш рет болып, жамағатпен жүздесіп отырғанын қуанышпен жеткізді.

«Төле би» мешітінің Бас имамы Кенжеәлі Мырзабаев құрметті қонаққа құрмет көрсетіп, Бас мүфти атынан және мешіт атынан шапанды сыйға тартты.

Жуда Абдулгани Басюни өзінің ризашылығын білдіріп, жамағатқа  қасиетті Рамазанда жасаған құлшылықтарының қабыл болуын тіледі. Ол Қазақстанда қасиетті Рамазанның жоғары дәрежеде өтіп жатқанын атап өтті.

«Төле би» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру