Алматы қаласы Бостандық ауданының орталық «Орбита» мешітіндегі сауат ашу курсында дәріс тыңдайтын апа-әжелер де қасиетті Рамазан айында Құран хатым етуде.
Мешіт ұстазы Әділ Қалиолдаев күн сайын қарт кісілерге Құранның екі парасын оқып, аяттан алар пайдалар туралы дәріс беруде.
«Аллаға шүкір, бүгінде сауат ашу курстарымызда оқитын апаларымыз бен әжелеріміз қасиетті кітабымыз Құранды өз нұсқасында оқи бастады. Арнайы уақыт бөліп, оларға Құран оқып беру үшін және аяттың пайдаларын түсіндіру үшін мешіт ұстазын бекіттік. Қазір жүйелі Құран оқылып, дәріс берілуде», – дейді «Орбита» мешітінің бас имамы Асан Тілеубердиев.
«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.06.2015
3174
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру