28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешітінде жергілік БАҚ өкілдерінің қатысуымен ауыз ашар рәсімі болып өтті.
Арнайы шараға жергілікті “Қазақстан Шымкент”, “Елнұр тв”, “Айғақ”, “Нар тв” , “Отырар” телеарналары мен “Оңтүстік Қазақстан”, “Южный Казахстан” т.б. газеттердің белді журналистері қатысты.
Айтулы шараға облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек қатысып, журналистерге құттытау сөз арнап, арнайы облыстық мешіттің бейнесі енгізіліп тігілген келім жайнамазды және т.б. сыйлықтарды хадия етті.
Шара соңында журналистер қауымы Діни басқарманың соңғы уақыттардағы атқарып отырған жұмыстарына жоғары баға беріп, риза екендіктерін жасырмады.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.06.2015
2954
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру