Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыстық мешітте қайырымдылық шарасы өтті

25.06.2015 3379 0 пікір

Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешіті мен облыстық Зекет қорының ұйытқы болуымен жағдайы төмен  отбасыларға қайырымдылық шарасы болып өтті.

Алдымен облыс имам орынбасары М.Естеміров пен облыстық Зекет қорының жетекшісі Ө.Сапарқұловтар құттықтау сөз сөйлеп,  қасиетті Рамазан жайлы уағыз айтты.

Қайырымдылық шарасы барысында 30 жағдайы төмен отбасыға құны 7000 мың теңге құрайтын (ұн, май, қант, шәй, макорон, т.б ) азық-түлік таратты.

 

500 қорап құрма таратылды

 

Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде Біріккен Араб Әмірлігінің королі Халиф бен Заед Әл-Нахаян атындағы қайырымдылық ұйымы қасиетті Рамазан  қарсаңында 500 қорап құрма таратты.

Берілген құрмаларды облыста орналасқан үш медресеге, аудан, қала, ауылдық мешіттемен қатар, өзгеде мекемелерге тегін үлестірілді.

Өздеріңізге белгілі, аталмыш қайырымдылық қордың тікелей қаржысымен  екі елдің достығы мен ынтымағын нығайту мақсатында облыстық орталық мешіттің ғимаратын салынған болатын.

Қайырымды азаматтарға Алла разы болсын!

 

 ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

 өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру