Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Комитет төрағасы маңғыстаулық имамдармен кездесті (ФОТО)

25.06.2015 2967 0 пікір

Ақтау қаласына арнайы іс сапармен келген Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин мырза 24 маусым күні Маңғыстау облыстық орталық мешітінде имамдармен кездесті. Кездесуге Астана қаласынан аранайы келген Л.Гумилев атындағы университеттің профессоры Кенжетай Досай мен Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының басшысы Е.Есбергенов те қатысты.

Дін істері комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин мырза елімізде атқарылып жатқан діни іс шаралар жайында айта келе, қазіргі имамдардың қызметтерін жоғары бағалайтынын тілге тиек етті.

Ал Кенжетай Досай болса, діни құндылықтар жайында, имамдардың беделі жайында өз ұсынысын айтты.  

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков облыс бойынша Бас мүфти тарапынан міндеттелген тапсырмалардың жүзеге асып жатқанын  тілге тиек етті.

Облыстық мешітке келген қонақтарға өкіл имам алғысын айтып шығарып салды.

 

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешіттің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру