Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айында гүлдер мен құрма сыйға тартылды

24.06.2015 3402 0 пікір

Рамазан айы – айлардың сұл­таны. Осыған орай Семейдегі ме­шіт қызметкерлері халықты ерекше тәсіл­мен халықты құттықтады.

Ораза айының құрметіне бай­ла­нысты, Семей тұрғындарына 200 дана ораза кестесі бар парақша, әйел адам­­дардың әрқайсысы­на раушан гүлдерін, ал ерлерге иіс сулы әтір­ер және құрмалар таратылды. «Хадис шәріпте: «Мұсылман мұсылманның бауыры. Ол оған зұлым­дық жасамайды және залымның қолында қалдырмайды. Кімде-кім бауырының бір қажетін өтесе, Алла оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылманды қайғы-қасіреттен құтқарса, Алла оны қиямет күнгі қайғы-қасіреттердің бірінен құтқарады…» деген.

Мұндай тосын сый­лықты күтпеген Семей тұрғын­дары Семей аймағы бойынша өкіл има­мы Мақсат Алтыбай мен Семей қала­лық Тыныбай мешітінің бас имамы Біржан Аманжоловқа ризашылықтарын білдірді.

Раушан Нұғманбекова,
Семей

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру