Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қала әкімі АНТ жұмысын жандандыруды тапсырды

24.06.2015 3436 0 пікір
Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен антитеррорлық комиссияның мәжілісі өтті. Жиын барысында құқық қорғау органдарының өкілдері, түрлі ведомстволар мен қала басқармаларының басшылары адам көп шоғырланатын орындарда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың маңызды мәселелерін талқылады. 

Қала басшысы терроризмге қарсы күреске қатысатын мемлекеттік органдардың қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі тиісті деңгейде екендігін атап өтті. Осы мақсаттар үшін қала бюджетінен 2014-2015 жылдары 104 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген.

«Бұқараның діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың шынайы іс-әрекетін ашу шаралары жүзеге асуда. Дәстүрлі дінді насихаттау, азаматтардың бойында біздің халқымыздың мәдени мұрасына сәйкес келетін діни сенімді қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстар күшейтілуде. Алайда, азаматтарды, әсіресе жастарды радикалды діни идеологиядан аластатуда олқылықтар мен кемшіліктер де жоқ емес», - деді Ахметжан Есімов.

Осы ретте Алматы әкімі қала құрылымдарының басшыларына өз бетінше жүрген және жұмыссыз жастар арасында ақпараттық-насихаттық топтардың (АНТ) жұмыстарын бұрынғыдан да күшейтуді, оларды қосымша білім алуға, денешынықтырумен, спортпен айналысуға кеңінен тартуды, оперативті бақылау Орталығының техникалық мүмкіндігін кеңейтуді, қаланың электронды картасын модернизациялауды тапсырды.

Айта кетейік, Алматыда 9 ақпаратты-насихаттық топ жұмыс істейді, олар тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың шынайы іс-әрекетін ашу бойынша нақты жұмыстар атқарып келеді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру