Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін мамандарымен жүздесті

24.06.2015 3376 0 пікір

Қасиетті Рамазан айында облыстық дін істері басқармасының бастамасымен  Орал орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтановтың қолдауымен  Астана қаласынан арнайы келген дін мамандарымен кездесу болып өтті.

Орталық мешіттегі атаулы шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері  комитеті Дін істері орталықтың діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Мәрлен Мүсілімов, орталық исламды зерттеу бөлімінің бас ғылыми қызметкерлері Тұрар Әбуов, ҚР Мемлекеттік істері және сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің БҚО бойынша департаментінің басқармасы басшысы Жұбаныш Аманқос, облыс, қала имам-молдалары қатысты.

Облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Мақсат Аралбайұлы Астана қаласынан келген арнайы қонақтарды таныстырып, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлына сөз кезегін ұсынды.

Облыс имамы жиналған қауымды Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, облыс көлемінде атқарылып жатқан діни ахуалды баяндап, діни басқармадан берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, өткен жылы имандылық қызметімізге оң бағасын берсе, қасиетті айдың құрметіне орай іс-шаралардың жоспарларын айтып, қызу дайындықпен істеліп жатқандығынжеткізді.

Одан орталықтың діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Мәрлен Мүсілімов: Қазіргі уақытта еліміз бойынша имандылық жолындағы игі бастамаларға тоқталса, орталық исламды зерттеу бөлімінің бас ғылыми қызметкерлері Тұрар Әбуов діни кітаптар жайлы тереңірек айтып жеткізді, діни басқарманың атқарып жатқан игі бастамаларына сәттілік тілеп, облыс, қала имам-молдаларымен имандылық жолдарына толағай табыс тілеп, ел-жұртты ауызбіршілікке, ынтамаққа шақырып, бірлесіп қызмет істеуге үндеді.

Шара соңында дін мамандарына имам-молдалар сауалдарын жолдады.

Нұрлан Қабыкеш,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру