Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетінде қабылдау науқаны басталды

23.06.2015 4851 0 пікір

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті универсиетінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастап кетті. Биылғы ерекше жаңалық исламтану мамандығы бойынша орыс тілі бөлімінің ашылуы. Сондықтан Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі тарапынан исламтану мамандығына бөлінетін мемлекеттік білім грантынан енді орыс бөліміне тапсырған талапкерлер де үміттенбек.

Исламтану – Нұр-Мүбарак университетінің негізгі мамандандырылған саласы. Бұл мамандыққа түсу үшін биыл ҰБТ тапсырған талапкер кешенді тестке (КТ) қатыспайды. Ал тесттік сынақта 3 пәннің әрқайсысы 4 балдан жоғары, 4-ші таңдау пәнінің  балы 7 балдан жоғары болуы керек. Олардың тек қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерінен жинаған жалпы балы мен шығармашылық емтиханның нәтижесі қосылып, конкурсқа қатысады. Кешенді тестке қатысушылардың да жалпы балы осылай есептеледі. Орта арнаулы оқу орны мен биыл ҰБТ тапсырмаған талапкерлер білім грантынан үміттенсе, міндетті түрде КТ тапсыруы қажет. Исламтану мамандығы тек Нұр-Мүбарак университетінде ғана оқытылатындықтан, КТ осы университетте ғана тапсырылады және өзге мамандықтарға қарағанда да қабылдау уақыттарында айырмашылық бар:

«5В021500 - Исламтану» мамандығына құжат қабылдау маусымның 20 мен 30 аралығында. Ал шығармашылық емтихан шілденің 2 мен 7 аралығында. Кешенді тест шілденің 17 мен 23 күндер аралығын қамтиды. Шығармашылық емтихан қасиетті Құран, фикх, ақида бойынша ауызша өткізіледі.

 «5В020600 – Дiнтану», «5В011900–Шет тiлi: екi шет тiлi» ( араб-ағылшын тiлдерi және ағылшын-араб тiлдерi) мамандықтарына жалпы қабылдау науқанына тән ережелер жүреді. Құжат қабылдау 20.06-09.07, ал кешенді тест шілденің 17 мен 23 аралығында.

Қабылдау кезеңінде талапкерлерге  жеңілдетілген бағамен  университеттің жанында орналасқан заманауи үлгідегі жатақханадан орын беру қарастырылған.

Айша Кеңесбай,
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру