Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков маусым айының 22-і күні Маңғыстау ауданына қарасты Тұщықұдық ауылына арнайы іс сапармен барды.
Тұщықұдық ауылы ынтымағы мен бірлігі жарасқан елді мекен. Кездесу ауылдық мәдениет үйінде болды. Кездесуді ауыл әкімі Азамат Қойсарин жүргізіп отырды. Өкіл имам С.Сейтбеков дініміздің құндылықтары жайында уағыз айтты. Уағыз барысында қазақ хылқының қалай мұсылман болғанын, діні мен дәстүрінің сабақтасқанын жан-жақты етіп түсіндіре келе қазіргі таңдағы уаһһабилік бағыттағы теріс ағымнан сақтану мен оларға қарсы күресу қажеттігін айтып өтті.
Кездесу барысында мешіт салу мәселесі талқыланды. Осы ауылдан шыққан кәсіпкер Нұржігітұлы Бисенбек өз қаржысына мешіт салуды ниет еткенін әрі дайын екенін білдірді. Ауыл тұрғындары мешіт салуға қарсылықтары жоқтығын, бірақ сауатты имам болу қажеттігін баса назарда айтты. Себебі діннің дұрысы мен бұрысын ажыратып беретін сауатты имам қажет деп сөздерін түйіндеді. Өкіл имам ауыл ақсақалдарына осы ауылдан дінге бет бұрған, діни білім алғысы келетін талапкер болса оқытуға әзір екенін айтып, шәкірт жіберулерін өтінді.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.06.2015
4074
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру