Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл Имам БАҚ өкілдерімен өткен брифингісіне қатысты

23.06.2015 3051 0 пікір

Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Пірәліұлы Керімбек Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратынан жаңадан ашылған «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығында брифинг өткізді.

Брифинг барысында Діни басқарманың төрт бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарына, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері жөнінде облыстағы діни ахуал, үгіт-насихат, имам-молдалардың  діни біліклігі және өзгеде мәселелер туралы мәлімдеді.

Дәлірек  айтқанда,  жалпы еліміз бойынша 2500 ден астам мешіт болса, оның 786 мешіт ОҚО еншісінде.  Осы мешіттердің жанында 286 курс жұмыс жасайды.  Онда түрлі жастағы 12 мыңнан астам тыңдаушалыр бар. Мұнымен қатар, облыстық  дін істер және ішкі саясат басқармасының қолдауымен  2015 жылдың  сәуір-маусым айларында «Сарыағаш» медресесінде 87 имам, Ал «Шымкент» медресінде 125 имам, молда апталық семинарда оқыды. Енді қыркүйек айында жалғасын табатын болады.  Жалпы, бұл курстан облыс көлемінде  мешіттердегі қызмет етіп келе жатқан 1077 имам оқитын болады.

Түрлі кереғар ағымдардан сақтандыру, алдын алу шаралары бойынша үш айда 108 кездесу өткізіліп, оған 10800-ден астам азаматтар тартылған.

Мұнымен қатар, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы әңгімеледі. Рамазан айында атқарылатып игілікті істер туралы айтып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауын және ел халқына жолдаған үндеуін таныстырды.

Облыстық мешіт тарапынан Рамазан айында 3500-ден астам отбасыға қайырымдылық шараларын жасайтындығын атап өтті.

Брифинг барысында облыстық мешіт тарапынан алдағы уақытта атқаратын жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, облыс имамы БАҚ өкілдерін алдағы келе жатқан журналистер күнімен құттықтап, бата берді. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру