Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы

23.06.2015 4718 0 пікір

Қасиетті Рамазан айында облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен ҚазИИТУ-нің мәжіліс залында "Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы" атты тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы,  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы, облыстық жазушылар одағының төрайымы,  ақын  Ақұштап Бақтыгерейқызы,  Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы Шалқыма Құрманалина, Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов  сөз алып, дөңгелек үстелге қатысушыларға сәтттілік тіледі.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы Шалқыма Хайроллақызы "Қыз балалардың дінге бет бұруындағы өзекті мәселелері" атты тақырыбында баяндамасында байырғы оқу орнында оқып жатқан қыздардың білімге деген ынта-жігері, ілім қоса тәрбиенің қосар үлесі жайында сөз қозғады. Білім ордасындағы  қыз тәрбиесіне ұстаздар қауымы аса мән беруде. Істелген істердің барлығын слайд арқылы толықтай жеткізіп берді.

Одан кейін ақиық ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы: Қазіргі қазақ қыздарының тағдыры мені көп ойландырады. Қыздардың мәртебесін арттыру үшін ұлттық құндылықтарымызды қалыптастыруда  білім ордасында "Ұлттық тәрбиесі" деген сабақ болса деймін. Дана халқымыз "Қызым саған айтам, келінім сен тыңда" демекші, сіздерде  ортада жүргенде айтып, ұлт болашағы қыздар екені екені даусыз. Бүгінгі қыз, ертеңгі ана. Анадан дана, батырда туады. Дана қызымыз көп болсын, егемен елімізде, деп ақ тілегін білдірді.

Астанадан келген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы "Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі: Кеше және бүгін" тақырыбында баяндама оқып,  көпшілікке кеңінен түсіндірді.

Шара соңында сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар алып, ұсыныс- пікірлер қабылданды.

Одан кейін Орал политехникалық колледжінің акт залында "Қазіргі діни ахуал жағдайындағы дәстүрлі рухани құндылықтар және ішкі тұрақтылық мәселелері" тақырыбыдағы оқыту семинары өз жалғасын тапты.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру