Мұнайлы аудандық «Ар – Рахман» мешітінің сауат ашу курсында дәріс алып жатқан балалар оқуларын аяқтады. Осыған орай діни сауатын ашқан 230 балаға арналып Атамекен ауылының мейрамханасында дастархан жайылды. Шараға мешіттен білім алған шәкірттер мен олардың ата – аналары, сондай-ақ, өкіл имам С.Сейтбеков, мешіт ақсақалы, жасы сексеннен асқан Айнадин Келімбердиев, аудандық мешіттің іс басқарушысы Мұрат Тәңірбергенов, «Ар Рахман» мешітінің бас имамы А. Муталиев және мешіт ұстаздары қатысты.
Басқосу барысында шәкірттердің алған білімдерін тексеру үшін сауалдар қойылған ойындар ойнатылды, өнерлі балалардың ән мен күйі тыңдалып, имандылық жайында деректі фильмдер көрсетілді.
Жазғы демалыстарын құр өткізбей қасиетті Құраннан әріп үйреніп, аят –хадис жаттаған бүлдіршіндердің талаптарына риза болған ата - аналар мешіт имамдарына алғыстарын айтып, сөз сөйледі. Аудан имамы А. Муталиевтің айтуынша, жастарына қарай 12 топқа бөлінген 230 баланың 87-сі Құранды оқи алатын деңгейге жетсе, оның ішінде 15-і үздік деп танылған. Яғни, олар Құран әліппесі Тәжуидті меңгеріп, жүргізіп оқумен қатар, Ислам негіздері сабағынан да жақсы көрсеткіш көрсеткен.
Облыс имамы С.Сейтбеков үздік деп танылған балаларға сертификат пен марапат қағаздарын тапсырды. «Ел болашағы атанар , егемен еліміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің Отанымызға иманды, ержүрек, ата –анасын сыйлайтын, кішіге үлгі, үлкенге қамқор болатын жастар қажет. Ендеше сіздерден зор үміт күтіп, алған білімдеріңіз елге қызмет етуге, ата –анаға жақсылық жасауға, жақсы азамат боп өсуге септігін тигізіп, ұлтымыздың иманды жастарының қатарын молайтады деп сенемін», -деді С.Сейтбеков.
Кеш соңында Айнадин қария ақ батасын беріп, үздік шәкірт Қонай Ерланұлы сауат ашу курсында үйренген Құран аяттарын оқыды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.06.2015
3273
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру