Қасиетті Рамазан айы қарсаңында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен ғасырлар қойнауынан сыр шертетін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қара шаңырағында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырған «Дін және дәстүр» атты тарихи-тағылымды шара болып өтті.
Тағылымды шараға облыс, қала имам-молдалары мен музей қызметкерлері, колледж студенттері, орталық мешіттің «Ақсақалдар» алқасының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Тағылымды шарада ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, жиылған қауымды Қасиетті Рамазан айымен құттықтады. «Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ өз елінің тарихын терең зерделеп білуге тиіс. Ал қазақ халқының тарихы мен мәдениеті ғасырлар қойнауынан бастау алады десек, ол ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптауындағы негізгі қайнар десекте болады. Демек, Ислам діні қазақ ұлтының, бүгінгі дәстүрлі мәдениеттің дамуына айтарлықтай әсер еткені сөзсіз. Дінбасымыз өткенді жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялағанын баршамыз. Аталған жылды қайта ұзартты. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен «Дін мен дәстүр» атты кітабы екі тілде жарық көрді, екі дүниенің садары болған Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның өнегелі істерін кеңінен айтып жеткізді облыс имамы.
Шарада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай бейнебаян көпшілік назарына ұсынылды.
Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов мен «Қоғамдық келісім» мекемесі жетекшісінің орынбасары Мұратжан Жолбаев, облыстық орталық мешітінің «Ақсақалдар» алқасының мүшесі Ғұмар Құрақов ақ тілектерін жеткізіп, ғибратты әңгімелерімен бөлісті.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің ғалым-ұстазы, тарих ғылымдарынң кандидаты Жасқайрат Ерназаров: «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, қазақ хандығның іргесін қалады. Әрине, одан кейін тағдар бізді сан түрлі сынаққа салды. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Қазақстандық тарихшы-ғалымдар Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегін негізге ала отырып, жан-жақты зерттеунәтижесінде Қазақ хандығының құрылған жылы 1465 жыл деген қорытындыға келді. Осыған орай 2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығы деп белгіленді. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту-солыазаттық сыйлаған бабаларға деген болса керек. Қазақтың мақал-мәтелдеріне жеке тоқталып, асыл дінімізбен байланысын көрсетеді, деді ғалым -ұстаз Жасқайрат Тілекқабылұлы.
Шара өте тартымды өтіп, жиналған жамағат көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.06.2015
3505
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру