Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Балаларға базарлық» атты қайырымдылық шарасы өтті

22.06.2015 3369 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасына орай, Оңтүстік Қазақстан облыстық Зекет қорының жетекшісі Өркен Сапарқұловтың тікелей бастамасымен бірқатар қала, аудандарда «Балаларға базарлық» атты қайырымдылық шарасы бір айы бойы жалғасын тапты.

Атап айтқанда, Шымкент қаласында орналасқан №18 мектеп жанын құрылған мүгедек (ДЦП) балалардың арнайы сынып  оқушыларын  қаладағы «Қиял әлемі»,  «Кеңбаба» техносаябақтары және қалалық Зообағына арнайы автобуспен апарып әлемдегі жануарлар дүниесімен таныстырды.

Тамашалау сәтінде балаларға балмұздақтар, тәтті тағамдар, сусындар, жеміс жидектер ұсынылды.

Дәл осындай шара мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында оқып жатқан шәкірттерді ынталандыру үшінде жалғасын тапты. Оларға қаладағы ең көрікті жерлерді аралатып,  түрлі ойын түрлері бойынша тегін тамашалау мүмкіндіктері қарастырылды.

Осы үрдістегі шаралар облысымыздың Түркістан қаласы,  Арыс қаласы, Кентау қаласы мен Мақтаарал ауданы, Сарыағыш ауданы, Төлеби ауданы және Отырар аудандарында кеңінен өткізілді.

Қорыта айтқанда облыс көлемінде Зекет қорының тарапынан ұйымдастырылған шараға 866 бүлдіршін қатыстырылды. Демеуші азаматтар тарапынан жалпы сомма 1 млн  бір жүз жиырма бес мың теңге қаржы жұмсалды.

Осы шара барысында қолдау көрсеткен азаматтарға Алла разы болсын дегіміз келеді. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру