Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық жасалып, ауызашар берілді

21.06.2015 3001 0 пікір

Айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі, ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрсетуші Құран атты ұлық пәрмен жерге түсе бастаған мүбәрак ай, сонымен қатар жай уақытта жасаған жақсылықтар мен салиқалы амалдар сауабының құлдарына еселеніп жазылатын құтты айы болған Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исеновтың ұйымдастыруымен орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі Павлодар қаласында тұратын әлеуметтік аз қамтылған 50 отбасына  демеушілер арқылы жиналған киім-кешек және азық-түлікпен көмек жасады.

Ал өңір басшысы Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы айлардың сұлтаны болған Рамазан айының алғашқы күні облысымыздағы ардагер  ата-апалар, құрметті азаматтар, зиялы қауым өкілдері барлығы 400-ге жуық адамның басын қосып ауызашар жасады.  Ауызашар дастарханының басында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шөкеев, облыстық «Әбу Ханифа» қоғамдық қорының директоры К.Кеңесбаев қатарлы көптеген қадірлі ағалар жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Алла Тағала баршаңызды рамазан оразасын шын ынта-ниетiмен ұстаушылардан, қиямен күнiнде солар ғана кiретiн, әр-Райиан есiгiнен кiрушiлерден етсiн. Қасиеттi Рамазан айы мүбарак болсын!

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру