Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Е-ISLAM» республикалық рухани-ағартушылық газеті жарық көрді

21.06.2015 3302 0 пікір

«Е-ISLAM» республикалық рухани-ағартушылық газеті жарық көрдіҚР «Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігі тарапынан қолға алынған «Е-Islam» ақпараттық-ағартушылық порталының «Е-Islam» рухани-ағартушылық газеті уақыттың талабымен баспа бетінен жарыққа шығып отыр. Бүгінде БАҚ саласында әлеуметтік желілердің, интернет-басылымдардың орны айрықша екені белгілі. Бұл бағытта «Е-Islam» порталы бір жарым жыл ішінде ғаламтор кеңістігінде өз аудиториясын қалыптастырып үлгерді. Бұл – алдымен аталмыш портал ұжымында қызмет атқаратын дін саласындағы танымы терең исламтанушы-теологтар мен дінтанушылардың жүйелі жүргізген жұмысының жемісі.

Дәстүрлі діни ұстаным мен мемлекеттің ішкі тұрақтылығына оң ықпал етерлік рухани басылымдардың қажеттілігін бүгінгі күн көрсетіп отыр. Ел мұсылмандарын рухани ортақ тәжірибе мен таным тұғырнамасында біріктіру мақсатында дұрыс діни білім мен сенімді ақпарат, рухани дәрістер, танымдық материалдарды көптеп жариялау күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қатарынан. Діни сауаттылық өз кезегінде дін атын жамылған экстремизм, радикализм секілді ағымдардың алдын алуға оң ықпалын тигізбек.

Осындай мақсат-мүддеге сай «Е-Islam» республикалық рухани-ағартушылық газеті аптасына 1 рет 8 беттік көлемде республика көлемінде басылатын болады. Республиканың барлық мешіттері мен діни бірлестік орталықтарына тегін таратылатын басылым зайырлылық ұстанымдарын ескере отырып, ислам дінінің дұрыс таралуына қызмет етеді. Басылымның алғашқы саны Астана қаласынан бастау алып отыр. Алдағы уақытта өңірлердегі сұранысқа  сәйкес республика көлемінде таралады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру