Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыс әкімі ауызашар жасады

21.06.2015 3390 0 пікір

Рамазан айында ораза ұстаумен қатар, сауапты істерге де көбірек көңіл бөліне бастайды. Сондай сауапты істің бірі - аузы берік жандарға ауызашар беру. Аузы берік жанды ауызашарға шақырып, тамақ берген адам Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқанындай, ораза ұстаған жанның алатынындай сауабын алады.

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов "Иманғали" орталық мешітінде 500-ден аса жамағатқа дастархан жайып, ауызашар жасады. Оған мешіттің ақсақалдары, ақжаулықты апалар және жастар қатысты. Алдымен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров барша жамағатты қасиетті Рамазанның келуімен құттықтап, сауабы мол айдың қадірі жайында сөз қозғады.

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев ақ дастарханда бас қосқан аузы берік жамағатқа облыс әкімінің сәлемін жеткізді. Түркия Діни басқармасының ортақ келісімі аясында Атырау қаласына арнайы келген қари Илхами Топал да мүбәрак айға деген тілегін білдірді.

Сондай-ақ, ауызашар барысында өңірдің қадірлі ақсақалдары мен ағалары сөз алып жиналған қауымды мүбәрак Рамазан мерекесімен құттықтап, ауызашар берген облыс әкіміне және қызмет жасап жатқан мешіт қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. Ауызашардан кейін елдің амандығы мен халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасалды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру