Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам тікелей эфирге шықты

19.06.2015 3468 0 пікір

Күллі мұсылман үшін қасиетті рамазан айы басталды. Рамазан айы мен оразаның сауабын дәріптейтін мүмкіндік айы. Осы орайда Бас мүфти тапсырмасына орай рамазан айының ұлықтығын насихаттау мақсатында  Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков 18-маусым күні, яғни рамазанның алғашқы күні Қазақстан-Ақтау телеарнасында «Орта толсын» бағдарламасында «Қасиетті рамазан айы келді» атты тақырыпта 1 сағаттық тікелей эфирге шықты.

Өкіл имам С.Сейтбеков рамазан айының қасиеті мен ораза ұстаудың сауабы, ережесі жайында кеңінен түсіндіріп өтті. Тікелей эфир барысында көрермендер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, өкіл имам шариғатқа сай жауап беріп отырды.

Рамазан айы бойы Қазақстан-Ақтау телеарнасында дүйсенбі мен жұма күндері қаламыздағы имамдардың қатысуымен 40 минуттық тікелей эфирде рамазан айының ұлықтығы, ораза ұстаудың сауабы жайында түрлі тақырыптар аясында сұхбат жүргізілетін болады. 

Маңғыстау облыстық орталық  мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру