Маусым айының 17-жұлдызында барша мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында жергілікті БАҚ өкілдерімен баспасөз мәжілісі өткізілді.
Баспасөз өкілдерімен кездескен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров: "Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі», - деген. Адам баласының тәнін тазартып, жан-дүниесін тәрбиелейтін ораза құлшылығы осы айда Раббымыз тарапынан парыз етілген. Сонымен қатар, адамзатты ақиқат жолға үндейтін, ақ пен қараны, сауап пен күнәнің парқын көрсететін Құран кітабы осы айда түсірілген. Сондықтан, бұл айда жасалған әрбір жақсы амалдар елеусіз қалмай, сауабы еселенеді", - деді.
Өкіл имам тілшілер сұрақтарына жауап бере отырып, оразаға қатысты мәселелерді жауаптандырумен қатар Рамазан айына орай ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауы мен ел халқына үндеуінің маңызы, Рамазан айында облыс көлемінде ұйымдастырылатын қайырымдылық және рухани іс-шаралардың басты бағыттары туралы да кең көлемде түсініктемелер берді. Сонымен қатар, "Иманғали" орталық мешітінде биыл 3 киіз үй тігіліп, бір уақытта 500 адам ауызашуға мүмкіндік туады және Тарауих намазынан кейін жамағатты жеткізетін 3 бағыттағы автобустар арнайы дайындалғанын айтты.
Кездесу соңында бас имам Б.Берденұлы атыраулықтарды мүбәрак Рамазан айымен құттықтады.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.06.2015
2816
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру