Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан алдындағы сұхбат

18.06.2015 2835 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы арқылы сұхбат беріп, көрермендермен тілдесті.

Сұхбат тақырыбы – Қасиетті Рамазан айы турасында болды. Қасиетті айдағы құлшылықтар, ораза ұстаудың негізгі шарттары және ораза ұстаушыларға кеңестер айтылды.

Сонымен қатар, өкіл имам Т.Омаров өз сұхбатында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына арнаған құттықтауы мен Үндеуін тұрғындарға жеткізді.

Сондай-ақ, Рамазан айындағы көп туындайтын сұрақтарға жауап беріп, тарауих намазының сауабы жайлы да әңгіме өрбіді.

Рамазан айы бағытында өрбіген салихалы сұхбат барысында осы айда атқарылатын біршама игі шаралар, қайырымдылық іс-шаралары, ауыз бекіткен, тарауихке қатысатын жамағаттарға арналған жағдайлар, мешіт дайындықтары да сөз болды.

Айта кету керек, жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы күнделікті 30 күнде 30 бағдарлама ұранымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Т.Омаровтың және қала, аудан имамдарының қатысуымен бір ай көлемінде бағдарламалар көрермендерге көрсетілетін болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру