Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айы қарсаңында...

18.06.2015 3175 0 пікір

Бүгінгі түні өз қасиетімен төрімізге енетін Құран айы Рамазанның құрметіне ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев пен Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаевтың ұйымдастыруымен және Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша 25 студент мешіт ауласына тазалық жұмыстарын жасады.

Бас имам жастарға Рамазанның қасиеті жайында, мешіт ауласында жүргізген тазалық жұмыстарының қаншалықты сауап екені турасында көркем уағыз айтты. Құлшылық самалы болған айдың пайдалары, оны қалай өткізу керектігі туралы мәліметтер берілді.
Мұсылман үмбеті асыға күтетін айға мешітпен бірге дайындық жасаған белсенді студенттер айдың кіруін асыға күтуде.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру