Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медресе түлектері сенімді ақтады

17.06.2015 3564 0 пікір

Жуырда ҚМДБ-ның бекітілген арнайы комиссия алдында Павлодар облысындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесін бітіруші түлектер мемлекеттік емтихан тапсырды. Мемлекеттік емтиханға биыл 3-курс бітірген 16 түлек  қатысып 3 түлек «Өте жақсы» үлгерім көрсетсе, ал 11 түлек комиссия тарапынан «Жақсы» деп бағаланды.

«Биыл медресе бітірген 16 түлектің жетеуі Павлодардан, екеуі Ақмола облысынан, үшеуі Шығыс Қазақстан облысынан, екеуі Солтүстік Қазақстан облысынан, екеуі Қарағанды облысынан оқуға түскен. Олардың ішінен жаңадан бітірген 11 шәкірт Павлодар облысына қызметке бөлінсе, 2 шәкірт арықарай білімін жалғастыру үшін «Нұр Мүбарак» қазақ-египет Ислам университетіне оқуға түсті. Ал  қалған 3 түлекті өздерінің туған  облыстары қызметке шақырды»,-дейді ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов.

Бұл орайда, ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінен бекітілген 3 жылдық білім мазмұны бойынша медресе бітірген түлектерге ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығымен колледж бітірген мемлекеттік стандарттағы диплом табысталатынын айта кеткеніміз жөн. Дипломда түлектің «Исламтану» мамандығы бойынша, «Имам-хатиб» біліктілігін алғаны жазылған. Сонымен қатар арықарай кез-келген жоғары оқу орындарына құжат тапсырып білімін жалғастыра алады. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру