Қасиетті Рамазан айына орай ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілдігі, «Орал» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «НұрОтан» партиясының ғимаратында қала және аудан, ауыл имамдарына және БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция болып өтті.
Алдымен БҚО бойынша өкілі, «Орал» орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа Үндеуін жеткізіп, Ақжайық өңіріне арнайы келген ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқановты жиналған қауымға таныстырып, сөз кезегін ұсынды. Сансызбай Құрбанұлы исі мұсылман жамағатын сағындырған «Қасиетті Рамазан» айымен баршасын құттықтап, аталмыш ай турасында кеңінен мағлұмат беріп, «Ораза ұстаудың артықшылығы» жайында тоқталып, екі дүниенің сардары, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммад (с.ғ.с)-ның сүйіншілеген істерімен сауапқа кенеліп, екі дүниенің рахатына бөленуді нәсіп етсін деп, тілегін жеткізді.
Жиынның күн тәртібінде, қасиетті Рамазан айына дайындық шаралары, Ақжайық өңірінің тұрғындарын оразаның шарттарымен ақпараттандыру, Қасиетті айда қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, аталмыш ай турасында бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау секілді біршама мәселелер қаралды.
Өкіл имам Руслан Тыныштықұлы қала және аудан имамдарына артылар жауапкершілік пен қасиетті айдың маңыздылығын жете түсіндірді. Сонымен қатар, ҚМДБ тарапынан болған тапсырмалар мен бұйрықтардың сапалы орындалуына баса тоқталды.
ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мен ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілі имамы Руслан Тыныштықұлы БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбатпен өз жалғасын тапты.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.06.2015
3034
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру