Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам баспасөз мәслихатына қатысты

16.06.2015 3037 0 пікір

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі Шымкент қаласы облыстық орталық мешіттің конференция залында қасиетті Рамазан айының құрметіне баспасөз мәлихатын өткізілді.

Ресми шараға облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек, найб имам Мұхамеджан Естеміров және Шымкент қалалық “Абдул Хамид Қаттани” мешітінің имамы Бақтаулет Абдурахмановтар қатысып, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға  кеңінен жауап берді.

Алдымен облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек журналистерге  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті Рамазан айымен құтықтауымен ел халқына жолдаған үндеуін оқып, таныстырды.

Сонымен қатар, қасиетті айда атқарылатын бірқатар іс шаралар жоспарымен таныстырды. Атап айтқанда, облыс көлемінде тізімде тұрған көмекке зәру азаматтарға қайырымдылық іс шаралары өткізіледі. Мешіттерде хатым Құран оқу және ауыз ашар рәсімдері жүзеге асырылады.

Шара барысында облыс халқын және БАҚ өкілдерін алдағы қасиетті Рамазан айымен құттықтап, дұға етілді. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру