Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазанға базарлық

16.06.2015 3123 0 пікір

Алматы облысы, Талдықорған өңірі Ақсу аудандық мешітінің бас имамы Манбетов Анарбай Тасболатұлының ұйымдастырумен Қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Рамазанға базарлық» атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Шараға аудандағы тұрмысы төмен, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 20 отбасы шақырылды. Әрбір отбасыға бір қап ұн мен 5 литр сұйық май және қаржылай 300 000 теңге қаражат бөлініп берілді.

«Хадис шәріпте «Мұсылман мұсылманның бауыры. Ол оған зұлымдық жасамайды және (залымның қолында) қалдырмайды. Кімде-кім бауырының бір қажетін өтесе, Алла оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылманды қайғы қасіреттен құтқарса, Алла оны қиямет күнгі қайғы-қасіреттердің бірінен құтқарады...» деген. Бүгінгі өткізіліп отырған шараға мұрындық болған кәсіпкерлерге Алла разы болсын. Алла қаласа алдымызда келе жатқан Қасиетті Рамазан айында да қайрымдылық шарасы жалғасын табады», - деді аудан имамы Анарбай Тасболатұлы. 

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру