Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазанға арналған баспасөз мәслихаты өтті

16.06.2015 2964 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Рамазан айының жақындауына орай баспасөз мәслихаты өткізілді. Жиында өкіл имам С.Сейтбеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне рамазан айы туралы кеңінен түсінік беріп, Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының құттықтауын жеткізіп,  Үндеуін таныстырды. Сондай-ақ, өңірдегі  мешіттердің рамазан айында атқаратын іс -  шараларына тоқталып өтті.

Журналистер тарапынан қойылған биылғы пітір- садақаның мөлшері, Қадір түні туралы сұрақтарға жауап берген облыс имамы С.Сейтбеков  ҚМДБ бас мүфтиінің тапсырмасына орай бүгінгі таңда рамазанға қызу дайындық жүріп жатқанын сөз етті.

«Рамазан айының құрметіне арналған шаралар легі басталып та кетті. Қала көшелеріне  билбордтар ілініп, баннерлер орнатылуда. Қоғамдық көліктерге рамазан айы туралы афишалар ілетін боламыз. Халыққа тегін тарату үшін 15 мың данамен Рамазан кестесі даярланып жатыр»,- деді С.Сейтбеков.

Жыл сайынғы үрдіспен биыл да мешіт ауласына 3 киіз үй тігіліп, оның 2-еуі мешіт жамағатына, енді біреуі арнайы шақырылатын қонақтарға арналмақ. Күн сайын киіз үйлер  ішінде ауызашар дастархандары жайылып, өзге ұлт, дін өкілдері, әр түрлі сала мамандары, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылар, көп балалы жанұялар, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері шақырылады.  Мұның барлығы ҚМДБ тарапынан бекітіліп, бұйырылған іс –шаралар аясында жүзеге аспақ.

«Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы биылғы Үндеуінде қайырымдылық істерді жасауға көп көңіл бөліп отыр. Осыған орай барлық мұсылмандарды тарыққанға тіреу, жабыққанға сүйеу болып, мұқтаждарға, жетім  мен жесірлерге сауапты іс көрсетуге шақырамыз!»- деді өкіл имам.

Жиын соңында бас имам Рамазан айының берекелі де нығметті болуына тілектестік білдіріп, 17 маусым күні тарауих намазы оқылып, 18 маусым күні  мұсылмандар жамағаты қасиетті ай рамазанды қарсы алатындығын айтты.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру