Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сарқан ауданында өткен Азан жарысы

16.06.2015 3455 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Сарқан ауданы Қойлық ауылы «Нүсіп сопы» мешітінде «Қош келдің Рамазан» атты азаншылар жарысы болып өтті.

Жарысқа Талдықорған өңірінің әр ауданынан екі азаншы үміткерлер қатысты. Жоғарғы ұпаймен 1-орынды Қаратал ауданы Үштөбе қалалық мешітінің найб имамы Дәндібаев Әділғазы жеңіп шығып, сыйға холодильник ұтып алды. 2-орынды Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық мешітінің азаншысы Нұрболат Әшім иеленді. Ал, 3-орын Сарқан аудандық мешітінің шәкіртіне бұйырды.

ҚМДБ-ның Талдықорған бойынша өкіл имамы С.Ахмадиев жүлделі орынға ие болғандарға мадақтама қағазын табыс етіп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Жарыс соңында, имам-молдалар ақ дастарханда бас қосып, өкіл ыстық лебіздерін жеткізіп, дін қызметінде жүрген бауырларға дұға етіп, жақсы тілектерін айтты.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру