Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бауырластыққа бастаған аяқдоп

16.06.2015 3201 0 пікір

Маусымның 13-күні Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионында Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына орай мешіт жамағаттары арасында кіші аяқдоптан қорытынды «Достық» турнирі өткізілді. Аталған ойынға өңірге қарасты жеті ауданнан және қала ішіндегі командалар арасынан іріктелген тоғыз команда қатысты. Бабы келіскен командалар кіші аяқдоп ойынын қыздыра түсті.

Дегенмен, бабынан гөрі бағы келіскен командалар жүзден жүйрік шығып, өздерінің спорттағы шеберліктерін көрсете білді. Сонымен, үшінші орынды Қызылқоға ауданының жамағаты иеленсе, екінші орынға Махамбат ауданының жамағаттары қол жеткізді. Ойын барысында өз мүмкіншіліктерін мүлт жібермеген Құлсары ауданының жамағатынан құралған команда бірінші орынға қол жеткізді.

Ойын жеңімпаздарын марапаттаған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров ең алдымен ойынға қатысып, ықылас танытқан қала және аудан жамағаттарына ризашылықтарын жеткізді. «Құрметті бауырлар! Мына ойын бой сергетумен қатар, бірлігіміздің бекемдігін тағы бір көрсетті. Бұл бақталастыққа емес, керісінше баршамызды бауырластыққа онан әрі себепкер қылуда. Өздеріңіз білесіздер, биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды. Осыған орай, тарихи мерекемізді жадымыздан шығармай, мешіт жамағаттары атынан қолдау көрсетейік деген бастамамен қолға алынған игі істің бірі. Мұнымен шектеліп қалмаймыз, алдағы уақыттарда бауырластығымызды арттыратын мұндай игі шаралар жалғасымын табатын болады», - деді өкіл имам Батыржан Берденұлы.

Барша жеңімпаз командаларға жүлделі сыйлықтар табысталды, ал өзге қатысқан команда иелеріне алғыс хаттар берілді. Сондай-ақ, жамағаттардан құралған ойыншыларға «Иманғали» орталық мешітінде ақ дастархан жайылды. Өңірге арнайы насихат жұмысымен келген исламтанушы Батырбек Убаев қала және ауданнан жиналған жамағатқа «Бірлігі бекем елдің берекесі мол» деген тақырыпта уағыз айтып, рухани жігер сыйлады.

Айта кетейік, шараны ұйымдастырған Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы», «Атырау облысы бойынша «Жас Отан Қоры» Корпаративтік қоры және «Ақсұңқар» қоғамдық қоры.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру