Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасына сәйкес Шымкентте облыстық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айының қарсаңында тарауих намазында хатымға өтетін қарилар және жалпы құранды толық жаттағандар аттестациядан өтті.
Бұл аттестациялаудан мақсат: Қарилардың хатымға дайындығын білу, жаттау сапасын тексеру және облыстағы нақты 30 пара жаттаған қарилардың санын анықтау болатын. Сонымен қатар аттестациялаудан 5, 10, 15, 20, 25 пара жаттағандарда өздерінің жаттау сапасын тексертіп алды.
Аттестациялау комиссиясы құрамына елімізге танымалы ғалымдар мен қарилар кірді. Олар: 1. А.Керімбек (ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы, комиссия төрағасы), Олжабай Садуақас (Республикалық Қарилар орталығының директоры, Астана), Садықов Кәмілжан («Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстазы, Шымкент), Худайбергенов Улугбек (Қари, Шымкент), Майлан Ықыласхан («Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры, Шымкент).
Аттестацияға 30 пара бойынша – 16 қари, 20-25 пара бойынша – 4, 15 пара бойынша – 3, 10 пара бойынша – 7, 5 пара бойынша – 5, барлығы 35 адам қатысты. Облыстың Бас имамы А.Керімбек барлық қатысушыларға арнайы сертификат табыстап, келе жатқан Рамазан айымен құттықтады.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.06.2015
3251
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру