Қасиетті жұмада «Орал» орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің «Қасиетті Рамазан» айына байланысты үндеуін Ақжайық жұртына оқылып, кеңінен жеткізді.
Қасиетті жұмада орталық мешітінің ұстазы Нұркен Ержанұлы «Қасиетті мол Рамазан» жайында уағызын толықтай айтып, көпшілік ықыласына бөленді.
Одан кейін ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Тыныштықұлы Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтың бұйрығымен бекітілген, ҚМДБ-на қарасты «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің биылғы түлегі Бақытжан Сабырәлиевті жиналған қауымға таныстырып, облыстық орталық мешітінің найб имамы қызметіне тағайындалғанын жеткізді.
Жұма намазы оқылып, облыс имамы дұға жасады. Одан кейін Орал орталық мешітінің найб имамы Самат Әлібаев арнайы Сырым ауданы, Қоңыр ауылдық мешітіне арнайы барып, ҚМДБ-ның төрағасы, Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен бекітілген, «Орал» медресесінің түлегі Самат Сарсеновты тағайындады.
Жиналған жамағат алдында ауыл әкімі Ғабдеш Қобылан сөз алып, келген имамның қызметіне сәттілік тілеп, жас маманға үй мәселесі мен мешітке газ өткізіп беретіндігін жеткізді.
Орал медресесінің түлегі Мустафин Альберт Ақжайық ауданы, Алғабас ауылдық мешітіне бас имам болып тағайындалды. Осындай жас маманға көмек беріп жатқан ел ағасына Алла Тағала разы болсын!
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.06.2015
3068
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру