Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медресе түлектеріне диплом берілді (ФОТО)

12.06.2015 3714 0 пікір

Кеше Елордамызда «Астана» медресесі түлектерінің бітіру кеші өтті. Салтанатты шараға ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғилымбек Мәжиев, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, Жалпы және жастар ісі бөлімінің Алтынбек Ұтысхан және ҚМДБ қызметкерлері қатысты.

Түлектерді диплом алуымен құттықтау үшін ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауретары, әнші Қыдырәлі Болман, қоғам қайраткері, жырау Бекболат Тілеухан мен ақын Серікзат Дүйсенғазин сынды құрметті қонақтары арнайы келді.

Бұл кеште жырдан шашу шашылып, ақындар түлектерге тілектерін білдірді. Айта кетейік, биыл «Астана» медресесін 34 студент тәмамдап отыр. Оның 9-ы оқу орнын үздік дипломмен аяқтады. Таяу уақытта 27 түлек еліміздің әр аймағында дін жолындағы қызметтеріне кіріседі. Бұдан бөлек дін ілімін онан әрі жетілдіргісі келген шәкірттер Алматы қаласындағы іргелі оқу орны «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті мен шетел жоғары оқу орындарында білімін шыңдамақ ниетте.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру