Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айы қарсаңында өкіл имам баспасөз маслихатын өткізді

12.06.2015 3271 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа арнаған Үндеуін насихаттау мақсатында айлардың төресі қасиетті Рамазан айының келуі қарсаңында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына  баспасөз маслихатын өткізді.

Баспасөз маслихатында Талғат Сейіткәрімұлы қасиетті Рамазан айында атқарылатын бірқатар шараларға тоқталды.

Атап айтар болсақ, Рамазан айында аудан және қаламыздағы шағын маркеттер мен азық-түлік сататын дүкендерде алкогольді ішімдіктерді сатуды тоқтату аясында үгіт-насихат жұмыстарының бастау алып кеткендігін жеткізді.

Сонымен қатар, осы қасиетті ай қарсаңындағы атқарылған біршама шараларға тоқталып, ораза ұстаудың ерекшеліктері, пітір садақа мөлшері, ауыз бекітудің тәртіптері жөнінде ақпарат беріп, көпшілікті толғандыратын сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылатын мақалалар бәйгесіне жас тілшілерді белсене қатысуға шақыра отырып,  аймағымызда орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен 30 күн бойы 30 иігілікті шаралар бастау алатынынан хабардар етті.

Баспасөз маслихаты соңында өкіл имам Т.Омаров жергілікті  бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан болған сұрақтарға жауап берді. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру