Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына орай сәуір айында Алматы қалалық мешіттері арасында «Көрікті мешіт» атты тазалық бәйгесі жарияланған болатын.
Бәйге талаптары бойынша қаламыздағы әр мешіттің:
1. Тазалығы;
2. Көріктілігі;
3. Байқауға орай арнайы жүргізілген жаңарту, әрлеу жұмыстары;
4. Көгалдандыру жұмыстары,- бағаланды.
Алматы орталық мешітінің қызметкерлерінен құралған комиссия шешімі бойынша 2015 жылғы «Көрікті мешіт» бәйгесінің шарттарына қаладағы 4 мешіт лайықты деп табылып, «Бекет ата» мешіті; «Таугүл-3» мешіті; Ақжар ықшамауданы «Нұр» мешіті, «Али Мухаммад» мешіттері «Көрікті мешіт» атауына ие болып, алқалы жиын барысында марапатталды.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.06.2015
3958
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру