Астана қаласында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V съезінің «Дін және саяси лидерлер: адамзат алдындағы жауапкершілік» атты тақырыбына арналған секциялық отырысы кезінде баяндама жасаған Марокко Корольдігінің ислам істері жөніндегі министрі Тауфик Ахмед діннің әлеуетін арттыру үшін имамдардың рөлін жоғарылату керектігін айтып, қоғам тыныштығын қамтамасыз етудегі өз елінің тәжірибесімен бөлісті.
«Біздің діни ұйымдар өте жоғары деңгейде жұмыс істеуі керек. Мен мешіттердің имамдары туралы сөз қозғағым келіп отыр. Мешіттер әрбір қаладан ауылға дейін бар. Олар түрлі іс-шаралар және уағыздар арқылы жамағатпен тікелей байланыста болып, олардың өмірі мен ұстанымына әсер етеді. Сондықтан, біз діннің маңызын арттырамыз десек, ең алдымен имамдардың рөлін жоғарылатуымыз тиіс. Ол үшін әрине, имамдардың біліктілігі мен білім деңгейін көтеруіміз керек», - деген министр Марокко Корольдігі ұстанып келген тәжірибемен бөлісіп, адамзат қоғамында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін төмендегідей жұмыстарды істеу керектігін айтты.
«Мысалы, Мароккода 50 мың мешіт бар. Имамдардың әлеуетін арттыру үшін ең алдымен ғалымдарды жұмылдырған жөн. Яғни, ғалымдарымыз заманауи құрылымнан бөлек, дәстүрлік ілімді де толық меңгергені абзал. Екіншіден, мемлекеттік және ғылыми мекеме деңгейінде діни ұйымдарды құру арқылы дінді саяси бағытқа жұмыс істете аламыз. Діннің әлеуетін арттырсақ алауыздықты аластап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз даусыз. Сондай-ақ, барлық ғылыми мекемелер арқылы имамдардың қызметін күшейту және студенттерге дін жөнінде арнайы курстар ұйымдастыру керек. Бұдан бөлек, әйел кісілерді де осы сала бойынша білім беру жұмысына бағыттауымыз тиіс», - деді Тауфик Ахмед.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.06.2015
3575
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру