Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайық өңіріндегі бір күндік семинар (ФОТО)

10.06.2015 2977 0 пікір

Облыстық қазақ драма театрында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның пәтуа және шариғат бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов пен  ҚМДБ-на қарасты «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстазы (Павлодар қаласы) Хасан Аманқұловпен облыс, қала, аудан, ауыл мешітінің имам-молдалары мен медресесінің жас түлектерімен бір күндік семинар болып өтті.

Алдымен облыс имамы Руслан Тыныштықұлы  келе жатқан «Қасиетті Рамазан» айымен құттықтап,   Орал шаһарына келген ҚМДБ-ның пәтуа және шариғат бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов пен  ҚМДБ-на қарасты «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстазы  Хасан Аманқұловты таныстырып, сөз кезегін ұсынды.

Семинарда «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстазы  Хасан Ташайұлы алғашқы ілімді Жамбыл облысы, «Мерке» медресесінде ілім алғандығын айтып, көпшілікке ұстаздың еңбегі мен шәкірт арасындағы білім мен тәрбиеге аса мән беріп келе жатқандығын жеткізді.

Әсіресе медреседен алған ілім мен тәрбиенің аса орасан зор екендігін айтты. Қазақ даласынан шыққан данышпандардың барлығы да алғашқы білімді молдадан немесе медреседен алғандығын баршаңызға аса таныс. Хакім Абай Құнанбайұлы ауыл молдасынан ілім алып, одан кейін медреседе оқыған тарихтан жақсы білеміз. Сіздерден өтінерім Алматы, Астана медресесіне шаппай-ақ , «Орал» медресесінен үздік диплам алып жатқан екі шәкіртке риза болып отырмыз. Ал, қалған шәкірттерде жақсы деген баға емтихан тапсырып отыр.  «Орал» медресесінің алғашқы түлектері қазіргі уақытта аудан мешіттерінде бас имам қызметін атқарып жүргендері ұстаз үшін үлкен мәртебе, деп ақ тілегін білдірді.

Одан кейін ҚМДБ-ның пәтуа және шариғат бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов сөз алып, асыл дініміздің құндылығын, қазақтың  салт-дәстүрімен біте қайнасып отырғандығын жеткізді.  Келе жатқан Ұлық мейрамымыз «Рамазан» айына жеткізген Аллаға мадақтар мен Пайғамбарымызға салауаттардан болғай. Бұл айда ата-анаға, ағайынға, туған еліміз Қазақ жеріне татулық пен тыныштық болып, екі дүниенің рахаты мен екі дүниенің ілімін алуды, нәсіп етсін дұға жасады Сансызбай Құрбанұлы. Имамдар мен молдалар толғандырған сауалдарын жолдады.

Шара соңында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Тыныштықұлы келген қонақтарға өз ризашылығын білдіріп, имандылық жолдарына сәттілік тілеп, отбасымыз аман, деніңіз сау болсын, -деп жүрек жарды ниетін білдірді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,

ҚМДБ-ның   БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру