Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен "Орал" орталық мешітінде ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Ақжайық өңірінің исі мұсылман жамағаттарымен жүздесті.
Кездесуде "Орал" орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, Ақжайық өңіріне арнайы келген ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлын жиналған қауымға таныстырды.
Сансызбай Құрбанұлы жиылған қауымды "Қасиетті Рамазан" айымен құттықтап, "Басшыға бағыну", "Жамағаттың ауызбірлігі", "Мұсылман ер мен әйелдің міндеті", "Жат ағымдардан сақтану жолдары" турасында кеңінен айтып түсіндірді.
Жиналған қауым Сансызбай Құрбанұлының келгеніне ризашылығын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Шара соңында қалың жамағат өздерін толғандырған сауалдарын жолдады. Кездесуге 150-де астам жамағат қатысып, екі сағатқа созылды.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.06.2015
3117
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру