Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бесінші съезінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дін басыларына адамзат баласын кешірімді әрі мейірімді болуға шақыруды ұсынды.
Жиын барысында Елбасы әлемде әскери қақтығыстардың тым көп орын алып жатқанын атап өтті. Ал, осы соғыстар көп жағдайда діни сыйпат алып жатады деді Президент.
"Бізді мұсылмандар үшін қасиетті орын саналатын Мекке мен Мединеге жақын жерде орналасқан, яғни Йемендегі қақтығыстар алаңдатып отыр. Экстремистік топтардың жүргізіп жатқан әрекеттері түрлі дін өкілдерінің арасына от салып, Азия мен Африкадағы түрлі конфессиялардың арасына сызат түсіруде" деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы.
"Сонымен қатар, Украинадағы атыстар кезінде шіркеулердің зақымданғанын көріп отырмыз. Ал, "Ислам мемлекеті" тарабынан әлемге төніп отырған қауіп жаһандық деңгейге жетті. Дін атын жамылған лаңкестер Ирак пен Сириядағы мыңжылдық тарихы бар көне жәдігерлерді қиратып жатыр. Олар интернет арқылы өзге дін өкілдерінің, еріктілердің, журналистердің өлімінің жантүршігерлік бейнекадрларын таратуда" деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, дін бейбітшілікке, кешірімді болуға шақыруы тиіс. Ал, дін атын жамылған лаңкестік ұйымдардың әрекеті әшкереленіп, адамзат баласы оларға қарсы тұруы керек.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.06.2015
3589
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру