Алматы орталық мешітінде Бас имам Есмағанбет Нұрбек қажы Алматы қаласы Дін істері басқармасы басшысы Шегебек Жолдасбекұлының және қала имамдарының қатысуымен алдағы келе жатқан киелі Рамазан айына арналған жоспарларды талқылауға бағытталған алқалы жиын өткізді.
Онда мешіттердің осы күнге дейін атқарған жұмыстарына баға беріліп, сын айтылды. Сонымен қатар Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай алда келе жатқан Рамазан айына дайындық жүргізу, телеарна эфиріне шығу мәдениетіне қатысты, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, ауызашарларда тазалық шарттарын сақтау мәселелері сөз етілді.
Рамазан айына орай қайырымдылық шаралар өткізуге қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.06.2015
3732
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру