Облыстық маслихатының ғимаратының үлкен залында Елбасының «Нақты 100 қадам» ұлт жоспары (стратегиялық құжат) талқылау мақсатында отырыс болып өтті.
Кеңейтілген отырысқа Облыс әкімінің орынбасары Б.Макен, ҚР мәдениеті және спорт минитрлігінің дін істері комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султанов және Облыстық маслихат депутаттары мен ҚХА мүшелері, ЖОО өкілдері қатынасты. Жиында Ғалым Нұрмағамбетұлы: «Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 5 мамырында «Мәңгілік ел 2050» жоспарын іске асыру мақсатында нақты 100 қадам елге жолдады. Бұл еліміздің даму жолындағы шешімі 100 нақты тапсырма болып айқындалады. Сондай-ақ 100 қадамның 15-і аппараттық кәсіби, 19-ы сот пен құқық саласына, 50-і Технология даму, адам капиталына болса, 6-уы қоғам нығайту жүйесіне және қалған 10 Ашық үкімет саласына қоғамды бақылау қамтамасыз ету болып табылады» - деп, 100 нақты қадамының «Біртектілік пен бірлік» атты бағыттында 6 қадамын талдап өтті. Сөз орайында өкіл имам Руслан Тыныштықұлы: Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы келгеннен бері жұмысымыз бір жүйеге түсіп, «Пәтуа» бөлімі ашылды. Бұл ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмей жүрген халқымызға оң әсерін берді. Өңіріміз бойынша діни ахуал бір қалыпты. Былтырдың өзінде 336 кездесу болса, 47 261 адам қамтылды. Елімізге теолог мамандар келіп жұмысымыз алға басқанын айта кету керек. Бүгінгі тақырып бойынша Елбасымыздың 100 қадам саясатының 6 қадам бойынша отбасы мәселесі, оның ішінде азаматтық неке түйіткілді мәселе болып отыр. Одан әрі жергілікті «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Б.Ғұбайдуллин мырза мен еңбек ардагері София апайлардың ұсыныстары да шапалақпен қолдау тапты.
Кездесу соңында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бірігіп қызмет атқарсақ, Дамушы 30 елдің қатарына сөзсіз қосылатынымыз айқындалды.
Жұмағожиев Ержан Ергенұлы,
Облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.06.2015
3986
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру