Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сарыағаш медресесін бітіруші түлектер емтихан тапсырды

09.06.2015 3592 0 пікір

ҚМДБ-ға қарасты 9 медресесін бітіруші шәкірттерден  кешенді емтихан алу үшін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, жұмыс жасап келе жатқаны белгілі.

Комиссия жұмыстары Сарыағаш медресесінде жалғасты. Арнайы комиссия құрамында ҚМДБ-ның діни оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі Б.Бейсенбаев, Повладар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» атындағы медресенің оқытушысы Х.Аманқұлов, Сарыағаш медресесінің директоры Ә.Сманов, Шымкент медресесінің оқытушысы З.Нурсейтов және облыстық орталық мешітінің найб имамы Е.Қарақұловтар қатысты.

Осы жылы Сарыағаш медресесін 24 шәкірт бітіреді. Оқу жылдары үздік танылған 4 шәкірт қызыл дипломға үміткер. Ал 7 шәкірт «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетіне, 2 шәкірт Түркия республикасы «Хасеки» діни оқу ордасына түсіп оқуларын әрі қарай жалғастыруды жоспарлауда. Қалған шәкірттер мешіттер имамдық және ұстаздық  қызмет атқаруға  жолдама алды. 

Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру