Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласында «Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана» байқауы өтті (ФОТО)

08.06.2015 3822 0 пікір

Алматы қаласының Бас имамы Есмағанбет Нұрбек қажының ұйытқы болуымен Алматы қаласы бойынша діни сауат ашу курсында оқитын қыздар арасында алғашқы рет «Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана» байқауы өтті.

Жарысқа қаламыздың «Ақсай», «Төле би», «Орбита» және Алматы Орталық мешітінен шәкірттер қатысты. 4 адамнан құралған топ болып сайысқа түскен мұсылман қыздар тек Құран оқумен ғана шектелмей, сонымен қатар өз өнерлері мен үй шаруасындағы шеберліктерін дәлелдеді. Жарыс бес кезеңнен өтті: «Қыздар сұлу көрінер сәлемімен» (Таныстыру); 2. «Құран және ғылым»; 3. «Өнерлі өрге жүзер» (көрініс); 4. «Шеберлік шыңға жеткізер» (үй тапсырмасы); 5. «Білімді қыз сүйкімді» (білім сайысы).

Жарысқа ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Парасат», ордендерінің иегері, әнші, Қажылар қауымдастығында қыздар мен әйелдер жөніндегі бөлім басшысы Майра Ілиясова апай, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры режиссерінің көмекшісі Абсаттарова Әлия, «Нұр-Мүбәрак» университетінің магистранты Махамбетқұлова Айгерім қазылық етті. Майра Ілиясова жарыстың өткеніне разы болып, жарысқа қатысқан қыздар мен оларды дайындаған мешіт ұстаздарына «Самға жұлдыз» атты конкурстың гала концертіне тегін шақыру билеттерін сыйға тартты. Келген қонақтар да қатты қуанып, осындай жарыстар алдағы уақытта жалғаса беруіне тілектерін білдірді. Осы жарыста;

1-ші орын алған Алматы қаласы Орталық мешітінің шәкірттері  «жан-жақты әмбебап қыздар» деген атауға;

2-ші орын «Төле би» мешітінің шәкірттеріне тәтті бәліштері үшін «балбармақты қыздар»;

3-ші орын «Ақсай» мешітінің шәкірттеріне қыздардың өнердегі шеберліктері үшін «өнерлі қыздар»;

4-ші орын алған «Орбита» мешітінің шәкірттері «Құран және ғылым» кезеңінде Құраннан ғылыми жаңалықты үздік қорғағандықтары үшін «білімді қыздар» деген атауға ие болды.

Қатысқан қыздардың барлығы риза болып, жаңа дос тапқандарына қуанып жатты. Алла Тағала қыздардың білімдерін арттырып, бұдан да үлкен жетістіктерге жете беруін нәсіп етсін!

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру